Меню

Страницы

Статья

eGov.kz порталда колледжге түсу үшін құжаттарды тапсыруға болады

Пайдаланушылар eGov.kz. порталында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдауға онлайн-өтінім бере алады. Қызметті іске қосу колледждерге және басқа білім беру мекемелеріне түсу үшін құжаттарды тапсыру процесін жеделдетеді және жеңілдетеді.

Енді пайдаланушы құжаттарды тапсырған кезде оқу тілін және оқуды жоспарлап отырған өңірді таңдай алады. Қажетті құжаттар тізімі айтарлықтай қысқарды. eGov.kz порталында өтінім беру процесінде бұрын алған білімі (оқу орындарының аттестаты мен дипломы), талапкердің бағалары және оның сертификатының жалпы балы туралы ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ жекелеген жеңілдікті санаттағы азаматтар үшін растайтын құжаттарды қоса берудің қажеті жоқ. Жүйе өтініш берген кезде мәртебе туралы қосымша ақпаратты автоматты түрде көрсетеді (I және II топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және т.б.).

Бұдан басқа пайдаланушыларда өтінім күйін бақылауға және қажет болған жағдайда оны қайтарып алуға мүмкіндік пайда болды. Бір талапкер 4 түрлі колледжге 4 мамандыққа дейін таңдау мүмкіндігімен бір ғана өтінім бере алатынын айта кету керек.

Өтінім беру үшін талапкер:

Қызметті Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «ҰАТ» АҚ және А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ҰЗББО АҚ-мен бірлесіп автоматтандырды және іске қосты.

Дата публикации
23 июля 2024
Дата обновления
23 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 декабря 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Ақпарат
12 декабря 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы