Меню

Страницы

Статья

Декларацию об активах и обязательствах по форме 250 можно сдать прямо в мобильном суперприложении Kaspi.kz.

Kaspi.kz ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесіп, қазақстандықтар үшін тағы бір онлайн-сервисті іске қосты. Енді 250-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тура Kaspi.kz мобильді қосымшасының өзінде тапсыруға болады.
250-нысан бойынша декларация – бұл азаматтың жинақталған активтері мен міндеттемелері туралы есептілік. Оны жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде бір рет қана ұсыну қажет. Барлық кейінгі жыл сайынғы декларацияда 250-нысанда бастапқы мәлімделген мүлікке қатысты өзгерістерді көрсетіледі. Сондықтан бұл нысанды дұрыс толтыру соншалықты маңызды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 250-нысан бойынша декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайы (зайыбы), 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының барлық азаматы тапсыруға міндетті.
250-нысан бойынша декларацияны беру туралы толығырақ Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Kaspi Гид сервисінен оқыңыз.
Дата публикации
11 июля 2024
Дата обновления
11 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 декабря 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Ақпарат
12 декабря 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы