Меню

Страницы

Статья

2024 жылы Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік ашу рәсімі мен тәсілдері

Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілердің назарына 2024 жылы Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті қалай тіркеуге болатындығы туралы ақпаратты жеткізеді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік кодексінің 36-бабының 1-тармағына және 5-тармағына сәйкес ЖК ретінде тіркеу туралы хабарлама ұсыну рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік жүйесі арқылы немесе өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы жүргізіледі.
Жеке кәсіпкерлікті келесі жолдармен дербес тіркеуге болады:
- Egov.kz порталы арқылы;
- E-license.kz порталы арқылы;
- «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы;
- банктердің мобильді қосымшалары арқылы (Kaspi Bank, Halyk Bank, Bank Centercredit).
Egov.kz және E-license.kz порталдарда ЖК тіркеу үшін сізге электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет болады. Егер ЖК банктердің мобильді қосымшалары арқылы ашылса, онда банкішілік сәйкестендіру рәсімінен өту қажет болады.
Сіздің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңізді растау ретінде тіркеу туралы хабарлама немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы талон болады. Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама алған сәттен бастап сіз таңдалған қызмет түрімен айналыса аласыз.
Дата публикации
11 июля 2024
Дата обновления
11 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 декабря 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Ақпарат
12 декабря 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы