Тиісті өзгерістер таңбалауға жататын тауарлардың тізбесіне енгізілді.
Атап айтқанда, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап - ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналарды қоспағанда, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген, дозаланған дәрілік нысандар (трансдермалдық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) немесе бөлшек саудаға арналған нысандарға немесе қаптамаларға өлшеп оралған дәрілік заттарға қатысты міндетті таңбалау екені анықталды.
Бұған дейін құжатта ҚР-ға әкелінген және ҚР-да өндірілген дәрі-дәрмектер туралы айтылған болатын.
👉 Біздің аннотациямызды қараңыз