Меню

Страницы

Статья

ӘҚБтК-де мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары нақтыланды

Атап айтқанда, түзетулер 207-баптың 10-бөліміне қатысты:
10. Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша дәйексіз ақпарат берген жағдайда, Тапсырыс берушінің, Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының не мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысының әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талаппен сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі, -
лауазымды адамдарға 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жаңа бөліктер қосылды:
🆕 10-1. Тапсырыс берушінің Мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) демпингке қарсы соманы енгізбеу жолымен өнім берушінің Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы туралы мәліметтерді ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы -
лауазымды адамдарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

🆕 10-2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талаппен Тапсырыс берушінің сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі, -
лауазымды адамдарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

👉 2024 жылғы 1 шілдедегі № 108-VIII ҚРЗ қараңыз. 01.01.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

http://t.me/prg_jur

Дата публикации
04 июля 2024
Дата обновления
04 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 декабря 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Ақпарат
12 декабря 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы