Меню

Страницы

Статья

eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды тану бойынша қызмет жұмыс істейдіБаспаға шығару нұсқасы

Енді пайдаланушылар онлайн режимінде электрондық үкіметтің порталында жоғары, орта, техникалық және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қызметіне өтінім бере алады. Бұл пайдаланушыларға білім туралы бұрын алынған құжаттардың түпнұсқалығын растауға мүмкіндік береді.

Қызметті алу нәтижесінде пайдаланушы бұрын жоғалған құжаттың түпнұсқалығын тану туралы куәлік ала алады, оның телнұсқасын ала алады немесе шетелде алынған білімнің түпнұсқалығын растай алады. Қызмет Қазақстанда және одан тыс жерлерде білім алғанын растайтын құжаттарға таралады.

Қызмет құжаттардың екі санаты: орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар бойынша жұмыс істейді.

5 қадам жасап қызметті ала  аласыз:

- eGov.kz порталында авторизация жасаңыз;

- «Білім» бөліміне өтіңіз;

- қызметтер тізімінен құжаттың қажетті санатын таңдаңыз: «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану» немесе   «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану»;

- барлық қажетті өрістерді толтырыңыз және файлдарды жүктеңіз;

- қызметке ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз (міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет);

- Жеке кабинетте сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу, ол көрсетілген уақыт ішінде келіп түседі.

Бұл қызмет сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшелерінде офлайн режимінде қол жетімді екенін естеріңізге саламыз.

 

Дата публикации
25 июня 2024
Дата обновления
25 июня 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 декабря 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Ақпарат
12 декабря 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы