🚩Енді адамның (отбасының) кәсіпкерлік қызметтен түскен жиынтық табысын есептеу кезінде табыстың жаңа түрі - Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның қызметі нәтижесінде алынған табыстың ескерілетін болады.
Тұлғаның бір айдағы Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудан түскен табысы алдыңғы салық кезеңі үшін декларацияланған табыс сомасын осындай салық кезеңіндегі айлар санына бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын ЖК бойынша бір айдағы табыс сомасы патент құнын есептеуде декларацияланған табыс сомасын осындай есепте көрсетілген айлар санына бөлу жолымен айқындалады.
Бұл ретте, егер декларацияда көрсетілген табыстың орташа сомасы 25 АЕК-тен төмен болған жағдайда, онда жиынтық табысқа 25 АЕК (2024 жылы 92 300 теңге) мөлшеріндегі сома ескеріледі.
Жиынтық табыс табыстың орташа сомасынан алынған шаманы не есепке жатқызуға белгіленген табыс мөлшерін үш айға көбейту жолымен айқындалады, бұл ретте табыс 25 АЕК мөлшерінен төмен емес мөлшерде ескеріледі.
ЕО енді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен АӘК алуға өтінішті қабылдау кезінде (басқалармен қатар) мәліметтерді талап ететін болады:
➣ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы мәртебесі туралы; (бұрын - ЖК мәртебесі туралы)
➣ іздестіру есебіндегі адамның мәртебесі туралы.
👉 ҚР ЕХӘҚМ 2024 жылғы 5 мамырдағы № 141 бұйрығын қараңыз.