Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғаға eGov.kz порталында басқа адамның атына оның келісімімен электрондық анықтама алуға болады

Бұл процесс қалай өтеді?
Мүдделі тұлға (мысалы, жұмыс беруші) порталға кіріп, «Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі» бөлімін таңдап, анықтамасы қажет болатын адамның ЖСН-ын енгізіп, қажетті анықтаманы таңдайды. Егер азамат азаматтардың мобильдік деректер қорында(МДҚ) тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтаманың қажетті түрін таңдап, сұрау салуды SMS арқылы растайды.
Бұдан кейін азаматқа порталдың Жеке кабинеті мен SMS хабарлама арқылы 2 сағат ішінде анықтаманы алуға рұқсат беру немесе бермеу жөнінде хабарлама жіберіледі.
Азамат анықтама алуға рұқсат берген жағдайда мүдделі тұлғаның Жеке кабинетіне сұралған анықтама келеді.
*Ескерту: егер азаматтың атына анықтаманы алуға заңды тұлға немесе мемлекеттік орган сұраныс жасаса, олар оны өзінің ЭЦҚ-сымен растауы қажет.
Аталған сервис арқылы алуға болатын анықтамалар тізімімен карусельден таныса аласыз.
Дата публикации
11 апреля 2024
Дата обновления
11 апреля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 декабря 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Ақпарат
12 декабря 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы