Педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасарларын аттестаттау кемінде 5 жылда бір рет өткізіледі.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары 3 жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
Аттестаттауға жіберу үшін білім беру ұйымы педагогтерді, әдіскерлерді, бірінші басшыларды, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасарларын біліктілік бағалауды портфолионы қарау арқылы жүргізеді.
Педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының бірінші басшылары, орынбасарлары педагогтердің білімін электрондық форматта бағалаудан өтеді.
Толығырақ Білім Министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығында.