Меню

Страницы

Статья

2024 жылы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің 11 мыңнан астам педагогы біліктілігін арттырады

Қазақстанда "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығы ұйымдастырған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік ұйымдарының басшылары мен педагогтарының біліктілігін арттыру курстары басталды, деп хабарлайды ҚР білім министрлігі.

Білім беру бағдарламалары мынадай басым бағыттар бойынша өтеді: пәндік-кеңістіктік даму ортасы, арт-педагогикалық технологиялар, арнайы және инклюзивті білім беру. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары үшін тегін оқыту 26 ақпанда еліміздің 17 өңірінде басталды. 2024 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың 11 000-нан астам педагогын біліктілікті арттыру курстарымен қамту жоспарлануда.

"Курстар басталған күні 1453 педагог оқуға кірісті. Курстық бағдарламалар оқытудың инновациялық және ойын түрлеріне бағытталған және баланың дамуының жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылған. Алғаш рет мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін енгізу бойынша өтпелі тақырыптарды енгізе отырып, 5 модульдік бағдарлама құрылды", - деді"Өрлеу" Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығының басқарма төрағасы.

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға 9 ай бойы курстан кейінгі жеке қолдау көрсетілетін болады. Курстан кейінгі сүйемелдеудің бастапқы кезеңі тыңдаушылардың курс оқытушысымен бірлесіп өзіндік даму жоспарын айқындауы болып табылады. Ол үшін 28 академиялық сағат беріледі. Педагогтар дамудың жеке траекториясын анықтау және оны іске асыру бойынша әдістемелік қолдау мен консультациялық көмек алады.    

Дата публикации
05 марта 2024
Дата обновления
05 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 декабря 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Ақпарат
12 декабря 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы