Жыл басынан бері ел өңірлерінде 1500 орындық 13 жаңа мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл көрсеткішті 2024 жылдың соңына дейін жаңа балабақшалар желісін ашу және кеңейту есебінен 77 мыңға жуық орынға жеткізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.
"Соңғы бес жылда балабақшаға жолдама алу кезегі екі есе төмендеді. Бүгінгі таңда 2-6 жастағы балаларды қамту 91% құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 92,5% - ға жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манара Адамова.
Елімізде барлығы 1 миллионға жуық бала контингенті бар 11 346 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.