Төрт төлік қосымшасы – мал иелеріне жақсы көмекші.
Цифрландыру жүйесі барлық салаларда қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Соның ішінде мал шаруашылығында да цифрландыру жүйесі өз қарқынын ала бастады. Бүгінгі күні ауылшаруашылық малдарының иелеріне арналған «Төрт түлік» мобильдік қосымшасы іске қосылды.
Бұл қосымшаның тиер пайдасы не?
- Жануарлардың санын қарауға арналған жануарлар тізімі. Малдың иесі
осы тізімді қарай отыра қолдағы бар малдарының тіркелген, тіркелмегені туралы бақылап отырады.
- Жануарларды төлдері мен импорттық іс-шаралары бойынша тіркеу.
Яғни, малдың төлін, немесе сатып алынған малдарыңызды тіркеп қоюға мүмкіншіліктеріңіз болады.
- Жануарларды онлайн сату немесе сатып алу. Осы қосымша арқылы
Қазақстанның кез кез келген аймағымен онлайн түрде мал саудасын жасауға мүмкіншіліктеріңіз болады.
- Жеке тұтыну үшін сою себебімен жануарды тіркеуден шығару.
Малыңыздың етін өзіңіз тұтыну мақсатында сойған болсаңыз, үйден шықпай-ақ есептен шығарып тастай аласыз.
- Белгі жоғалған немесе бүлінген жағдайда оны ауыстыру. Егер
малыңыздың сырғасы жоғалып немесе цифры көріней қалса, қосымшаға өтінім жүктеу арқылы сырғаны ауыстырта аласыз.
- Ветеринариялық паспорт беру. Осы қосымша арқылы малдарыңыздың
ветеринариялық паспортын еш қайда бармай жүктеп ала аласыз.
- Ауыл шаруашылығы жануарлары мен иесі туралы мәліметтерді түзету.
Тіркеу кезінде, малдарыңыздың деректерінде (жынысы, жасы т.б. немесе мал иесінің аты-жөнінде) қателіктер кеткен болса түзетуге мүмкіндік болады.
Міне, осы мүкіндіктер ауыл шаруашылығы мал иелеріне көп жеңілдіктер сыйлайтынына сенімдіміз. Көп жағдайларда мал иелері малдарын сатарда ветеринариялық анықтама алуға келгенде, сол малдарының АМБ (Ауылшаруашылығы малдын бірдейлендіру) дерек қорында жоқ екенін білмей жатады. Сол себебтен, ол малға ветеринариялық анықтама алу мүмкін емес болып қалады. Осы жағдайды уақытында анықтап, кеткен олқылықтарды уақытында орнына келтіруге жәрдем болатын бірден – бір таптырмас қосымша болып табылады. Және мал иелеріне осы қосымша арқылы барлық ветеринариялық іс – шараларға жататын екпе, зерттеу жұмыстарының уақытында жүргізілуін қадағалап, тексеріп отыруға мүмкін туады.
Құрметті, аудан тұрғындары, «Төрт түлік» мобильдік қосымшасын жүктеп, қорадағы малдарымыздың ахуалын кез келген уақытта көріп отыруға мүмкіндік алайық!