«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 6 қызмет түрін көрсетеді:
2024 жылдың 12 айында әкім аппаратымен барлық қызметтер көрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «E–лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» аж - 5, қағаз нысанда – 0 көрсетілді .
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де көрнекі ақпараты бар стендтер, «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңы, Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, өтініш үлгілері, шағымдар мен ұсыныстар журналы орналастырылды.
Мемлекеттік органдар қызметінің басымдықтарының бірі электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту болып табылады. Осы басымдықты іске асыру мақсатында әкім аппаратымен халықты ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, әкім аппаратымен 12 оқыту ақпараттық-түсіндіру семинары (қамту – 307 адам), 5 интернет-конференция (26 сұрақ қойылды) өткізілді және «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – мемлекеттік органдардың басты міндеті» (Приишимья жаңалықтары, 29 сәуір №18 (1058)), атты «Қолжемтілігі мен сапасын арттыру» 2 мақала жарияланды (Есіл өнері, 29 Сауыр №18 (988)), мемлекеттік қызметтердің 7 түрін көрсету бойынша 2065 брошюра таратылды, электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету бойынша 56 оқыту бейнеролигі орналастырылды (7671 қаралым).
2024 жылғы 12 айда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзу, мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері - жоқ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.