«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларымен сәйкес:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Әкім аппараты) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мәні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 11-тармағында көрсетілген бағыттар анықталсын.
- Әкім аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы (бұдан әрі – жұмыс тобы) осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Талданатын кезең 2023 жылғы 3 шілдеден 2024 жылғы 4 мамырға дейін белгіленсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2024 жылғы 6 мамырдан 14 маусымға дейін белгіленсін.
- Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкімінің қол қоюына келісілген талдамалық анықтама ұсынсын.
- Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі А.Әржікеев