2025 жылғы мемлекеттік қызыметтерді көрсету бойынша есеп

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 86/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ 6 қызмет түрін көрсетеді:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  4. Жер учаскесін алуға кезекке қою;
  5. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату.
  6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту

2025 жылдың 12 айында әкім аппаратымен барлық қызметтер көрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «E–лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» аж - 5, қағаз нысанда – 0 көрсетілді .

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де көрнекі ақпараты бар стендтер, «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңы, Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, өтініш үлгілері, шағымдар мен ұсыныстар журналы орналастырылды.

          Мемлекеттік органдар қызметінің басымдықтарының бірі электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту болып табылады. Осы басымдықты іске асыру мақсатында әкім аппаратымен халықты ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, әкім аппаратымен 11 оқыту ақпараттық-түсіндіру семинары (қамту – 627 адам), 1 интернет-конференция (5 сұрақ қойылды) өткізілді және "Facebook" әлеуметтік желісінде 1 тікелей эфир өткізілді, мемлекеттік қызметтердің 3 түрін көрсету бойынша 1430 брошюра таратылды, электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету бойынша 26 оқыту жарияланымы орналастырылды (2510 қаралым).

2025 жылғы 12 айда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзу, мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері - жоқ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

 

Бірлік ауылдық округінің әкімі                             А. Әржікеев

"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп 2025 жылдың 12 айында
Дата публикации
29 апреля 2026