GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
01 июля 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ қызметінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі Талдау нәтижелерін жария талқылау отырысын өткізу туралы

2026 жылғы 26 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия төрағасы Кинцель Евгений Юрьевичтің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау отырысы өткізілді.

Отырыс барысында жүргізілген ішкі талдау нәтижелері, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайлар қаралды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, алдын алу және ұйымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Талқылау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды төмендету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырудың, қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және ұйым қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру бағыттары айқындалды.

 

#Сыбайласжемқорлықтәуекелдерінеішкіталдау
#Сыбайласжемқорлыққақарсыісқимыл
#Жарияталқылау

20 мая 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы 2026 жылғы 26 маусым мен 15 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында ішкі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ әкімшілік-құқықтық және қаржылық жұмыс бөліміне 53-42-44 телефоны арқылы хабарласуға болады.

#анализ#коррупц#объявлениe

 

18 мая 2026
2026 жылғы 14 мамырда МТРК телеарнасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасында жаңа мемлекеттік қызметші Амир Баукеновтен сұхбат алды.

   Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасына жақында бас маман қызметіне тағайындалған Амир Баукенов МТРК телеарнасына берген сұхбатында мемлекеттік қызметке келу туралы шешім қабылдағанын айтты. Оның айтуынша, бұл сала кәсіби тұрғыда дамуға, тәжірибе жинақтауға және қоғамға қызмет етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол жауапкершілік, заңдылық және мемлекетке қызмет ету қағидаттарын жоғары бағалайтынын өз ойын жеткізді.

   Амир Баукенов алғашқы әсерімен бөлісіп, E-Qyzmet порталы арқылы электрондық форматта конкурсқа алғаш рет қатысып, Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша тестілеуден сәтті өткенін жеткізді. Сонымен қатар, ол мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, жеке қасиеттерді бағалау, тәжірибелік және ситуациялық тапсырмалардан тұратын кезеңдерден өткенін атап өтті.

   Сондай-ақ басқармада мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінде мемлекеттік қызметте тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін екі бос жұмыс орны ашық.

18 мая 2026
Тақырып: 2026 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы семинар өткізілді.

   2026 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы ұйымдастырған Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне арналған семинар өткізілді.

   Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Оспанова Балғаным Дүйсенқызы, 2026–2027 оқу жылына Академияға оқуға қабылдау қағидалары туралы баяндады.

   Сондай-ақ, ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы мемлекеттік қызметшілерін оқуға түсудің негізгі бағыттары мен шарттарымен таныстыды.

12 марта 2026
2026 жылғы 11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Лукин Владислав Геннадьевич Солтүстік Қазақстан облысының «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

     2026 жылғы 11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Лукин Владислав Геннадьевич Солтүстік Қазақстан облысының «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

     Қабылдау барысында өңір тұрғындарының өтініштері қаралды. Кездесуге А.В.Волков пен Қ.Х.Төребаева жүгінді, Көтерілген сұрақтар тұрғын үйдің құжаттарын рәсімдеуге, сондай-ақ жол учаскесін жөндеуге қатысты болды.

     Әр өтініш иелеріне қолданыстағы заңнама және басқарманың құзыреті шеңберінде толық түсініктемелер берілді. Барлық сұрақтар жұмыс тәртібінде қаралып, өтініш берушілерге қажетті консультациялық көмек көрсетілді.

06 февраля 2026
4 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті семинар өткізді.

     2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасы мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне арналған семинар өткізілді.

    Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары Б. Махатов Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі туралы айтып, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндірді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы ақпарат берілді.

    Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтің ашық, сервистік және клиентке бағдарланған моделін қалыптастыруына ерекше назар аударылды.

06 ноября 2025
Үлестік құрылыс: негізгі ережелер мен тәуекелдер

тұрғын үйдің үлестік құрылысына қаражат салу туралы

АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Ақшалай қаражаттың жоғалуын және тұрғын үй құрылысының проблемалық объектілерінің туындауын болдырмау үшін азаматтарға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V (өзгерістермен және толықтырулармен) ҚРЗ Заңына  сәйкес үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алған жобаларға ғана қаражат салу ұсынылады.

 

I. Үлескерлердің қаражатын тартудың заңды тәсілдері

Заңның 7-бабына сәйкес азаматтардың қаражатын тартуға тек үш тәсілмен жол беріледі:

  1. Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігі арқылы («Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ) бірыңғай оператор кепілдік берілген жағдай туындаған кезде құрылыстың аяқталуын қамтамасыз етеді.
  2. Құрылысты қаржыландыратын және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылайтын екінші деңгейлі банктің қатысуы арқылы.
  3. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы салынғаннан кейін, жергілікті атқарушы органның үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты болған кезде.

 

Ақшаны басқа тәсілдермен тартуға (сенімхаттар, алдын ала шарттар, инвестициялық келісімдер және т.б. арқылы) тыйым салынады және жарамсыз деп танылады (Заңның 3 б. 2 тармағы.).

 

 

II. Нысанның заңдылығын қалай тексеруге болады

  1. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың бар жоғын тексеріңіз:
    • «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ ресми сайтында — https://homeportal.kz/
    • «Үлестік құрылыс объектілері» бөлімінде бірыңғай оператордың рұқсаты немесе кепілдігі бар құрылыс салушылар мен объектілердің тізбесі орналастырылған.
    • Сонымен қатар ақпарат https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gask сайтта қол жетімді: жаңа тұрғын үйлер құрылысының басталуы және үлескерлердің қаражатын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпарат ай сайын, әр айдың 5-күнінен кешіктірілмей жаңартылады.
  1. Әзірлеушіні тексеріңіз:
  • құрылыс тәжірибесінің болуы (кемінде 2 жыл және 5-10 мың м2 іске асырылған объектілер);
  • тіркелген уәкілетті компанияның болуы;
  • жобалық декларацияны жариялау.

 

⚠️ Құрылысқа рұқсатты үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттан ажырату маңызды.

Жергілікті атқарушы органдар берген құрылысқа рұқсат құрылыс салушыға құрылыс жұмыстарын бастау құқығын береді, бірақ азаматтардың ақшасын тарту құқығын бермейді.

Үлестік қатысу шарттары бойынша пәтерлерді сату құқығы үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат алғаннан не Бірыңғай операторға кепілдік беру туралы шарт жасасқаннан кейін ғана туындайды («Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ).

 

  1. Құрылысқа рұқсатты қалай тексеруге болады

     - Берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ақпараттық порталда тексеруге болады https://elicense.kz  құрылыс салушының БСН-ін біле отырып, рұқсат құжаттарын іздеу арқылы.

     - Азаматтар сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына және (немесе) жергілікті сәулет және қала құрылысы органына құрылыс жұмыстарын жүргізудің заңдылығы туралы сұрау салумен жүгіне алады.

 

Құрылысқа рұқсаттың болмауы-тоқтатылуға жататын және үлестік қатысу шарттары бойынша сатуға жатпайтын өз бетінше құрылыстың белгісі.

 

III. Үлестік қатысу шартында не болуы керек

  • Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың немесе бірыңғай оператордың кепілдігін беру туралы шарттың нөмірі мен күні (11-бап)
  • Төлемдер уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол ақшасыз нысанда ғана енгізіледі (14-16-бап).
  • Шарт жергілікті атқарушы органда міндетті есепке алынуға жатады
  • Қолма-қол ақшамен, делдалдар арқылы немесе қолхаттар арқылы төлеу-заңсыз тартудың белгісі.

 

IV. Заңсыз инвестициялау кезіндегі негізгі тәуекелдер

  • Ақшаны жоғалту: заң талаптарынан тыс жасалған шарттың заңды күші жоқ.
  • Құрылысты аяқтауға және үлескерлерді қорғауға кепілдік жоқ.
  • Шартты тіркеудің және меншік құқығын танудың мүмкін болмауы.
  • Құрылыс салушының жауапкершілігі болмауы мүмкін, өйткені қатынастар заң шеңберінен тыс болып саналады

 

V. Түсініктеме алу үшін қайда жүгіну керек

  • «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ (https://khk.kz) - құрылыс салушының мәртебесін тексеру үшін. Байланыс телефоны: +7 7172 79-75-75, 8 800 080-44-48

 

 

Есіңізде болсын:

Қаражатты тек кепілдік немесе рұқсаты бар заңды жобаларға салыңыз.

Тексеру бірнеше минутты алады-және асығыс инвестициялардың салдары барлық жинақталған капиталға шығын келтіруі мүмкін.

Петропавл қ. аумағында коммерциялық көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы бойынша ақпарат 05.08.2026

06 октября 2025
Құрмет пен сыпайылық сапары

Қарттар күні – даналық, мейірімділік және құрмет күні! Аға ұрпаққа біздің қамқорлығымыз бен ілтипатымыз қажет екенін бәрімізге тағы бір мәрте ұғындырған мереке.

Бұл күні «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ қарт адам Ковалев Иван Яковлевичті мерекемен құттықтады.

Иван Яковлевич қызметкерлерге алғысын білдіріп, рахметін айтты.

08 августа 2025
2025 жылы 8 тамызда кездесу ұйымдастырылды

Жаһандық сын-қатерлер мен жаңа қауіп-қатерлер жағдайында "Заң және
тәртіп "- бұл тек уақыт талабы ғана емес, сонымен қатар
елдің экономикалық және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2025 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасы Экономикалық
Солтүстік Қазақстан облысында қызметкерлермен кездесу ұйымдастырылды
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және
лицензиялауға бағытталған Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
қаржылық қауіпсіздік саласындағы қазіргі заманғы трендтер туралы ақпараттандыру,
қаржы саласындағы тәуекелдер мен қауіп-қатерлерге қалай қарсы тұру керектігі.
Алаяқтық схемаларға қарсы іс-қимылдың қазіргі заманғы әдістері қаралды және
орнықты және қорғалған қоғам құрудағы әрбір азаматтың рөлі.
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру -
алаяқтардың қылмыстық схемаларын, тиімді басқару жөніндегі қажетті
өз қаржысымен және қазіргі заманғы қаржылық қауіп-қатерлерге қарсы
әлемде.

26 июня 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы

     2025 жылғы 26 маусымда басқарма басшысы В.Г. Лукиннің төрағалығымен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы