«Аманат» партиясының филиалында тұрғындардың жеке қабылдауы өткізілді

«Аманат» партиясының филиалында тұрғындардың жеке қабылдауы өткізілді

2024 жылдың 08 тамызында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ басшысы Лукин Владислав Геннадьевич «Аманат» партиясының Солтүстік Қазақстан облысының филиалында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдауда болған Тюребаева Күмісжан Каменқызы келесі сұрақтарды қойды:

Гагарин көшесі 4а үйінің жанындағы жолдарды асфальттау сапасы;

Қызылжар ауданы Кіші Белое ауылын сумен жабдықтау мәселесі;

- Береке шағын ауданындағы мәдени-демалыс орталығының құрылысы; Досмұхамбетов көшесіндегі жол қозғалысына қатысты мәселелер.

Қабылдау барысында басқарма басшысы жан-жақты кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді Сұрақтар бақылауда болады, тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салулар жіберіледі.