Әкімшілік іс жүргізу қозғалған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормаларды қолдану бойынша өткізілген семинар-кеңес туралы

Әкімшілік іс жүргізу қозғалған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормаларды қолдану бойынша өткізілген семинар-кеңес туралы

2024 жылғы 25 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулетқұрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты өткізген семинарға қатысты

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Бердібек Мұстафин мен судья Гүлмира Даниярова статистиканы келтіріп, аталған семинарды өткізудің маңыздылығын сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ары қарай-ӘРПК) талаптарына сәйкес мемлекеттік органдардың жұмысындағы тәсілдерді өзгерту қажеттігін атап өтті

Кездесу барысында сәулетқұрылыс заңнамасын қолданудың проблемалық мәселелері, ӘРПК талаптарын сақтау, дауды сотқа дейінгі реттеу сатысында шаралар қабылдау оны татуластыру рәсімдері арқылы жою талқыланды.