
2024 жылғы 23 шілдеде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ басшысы Владислав Геннадьевич Лукин сәулет, қала құрылысы саласындағы аудан және қаланың жергілікті атқару органдарымен кеңес өткізді.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығымен бекітілген салынып жатқан (салынуға жоспарланған) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу тәртібін айқындау қағидаларының нормалары түсіндірілді.
Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі нормалары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығымен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары талқыланды.