
2024 жылғы 12 шілдеде басқарма басшысы В.Г. Лукиннің төрағалығымен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының төрағасы Кинцель Евгений Юрьевич, басқарма қызметкерлері қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды.