
Өткен аптада мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада жеңімпаздары марапатталды. Мемлекеттік қызметшілер спорттың бірнеше түрінен сайысқа түсті. Спартакиада екі аптаға созылды. Қатысушылар алдымен тоғызқұмалақ, үстел теннисі және шағын футболдан мықтыларды анықтады. Одан кейін қазақ күресі, волейбол, гір тасын көтеру, суда жүзу және шахматтан өзара сынға түсті. Спорттық жарыстың қорытындысы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ жергілікті атқарушы органдардың командалары арасында құрметті екінші орынды иеленді.