
Биылдан бастап Қазақстанда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойлануда. Мереке 10 күн бойы өтеді - 14-23 наурыз аралығында онкүндік Наурызнам деп аталады.
18 наурыз – Қазақстанда Наурыз мерекесінің бесінші күні. Бұл күні қазақстандықтар Ұлтық киім күнін тойлайды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы Наурыз мейрамын мерекелеуге белсенді қатысуда. Бүгінгі күн Ұлттық киім күніне арналды. Бұл күні ұлттық киім арқылы даралығыңызды көрсету, Қазақстанның бірлігі мен мәдени әртүрлілігін қолдау мүмкіндігі бар күн.