«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаулы жобасына баспасөз-релизi

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаулы жобасына баспасөз-релизi

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» ҚР Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкiмдiгi жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2019 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 25 қарашадағы № 272-VI ҚРЗ күшiне ендi.

Осы Заңның 31-тармағында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына «мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламентi» ұғымын алып тастау, сондай-ақ 16-бап (Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн әзiрлеуге қойылатын талаптар) және 17-баптардың (Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң мазмұнына қойылатын талаптар) баптарын алып тастау бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.

Осыған байланысты, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаулысының жобасы әзiрлендi.

Осы қаулының жобасы мемлекеттiк қызметтер саласындағы өңiрлiк маңызы бар нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтiредi.