Техникалық қадағалаумен кеңес өткізілді

Техникалық қадағалаумен кеңес өткізілді

2023 жылғы 14 шілдеде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ облыс объектілерінде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдерімен кеңес өткізді.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығымен бекітілген салынып жатқан (салынуға жоспарланған) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу тәртібін айқындау қағидаларының нормалары түсіндірілді.

Сондай-ақ, салынып жатқан объектілерде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер мен заңнама талаптарын бұзушылықтар болған жағдайда, салынып жатқан объектілердегі бұзушылықтардың алдын алу және одан әрі жол бермеу үшін бұл туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды хабардар ету қажеттілігі туралы техникалық қадағалауларға түсіндірілді және жеткізілді.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі нормалары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығымен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары талқыланды.