
2023 жылғы 19 маусымда басқарма басшысы Б.С. Көшербаевтың төрағалығымен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының төрағасы Кинцель Евгений Юрьевичи басқарма қызметкерлері қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды.