
2023 жылғы 22 мамырда Петропавл қаласында тапсырыс берушілер, бас мердігерлер, мердігерлер, инжинирингтік компаниялар, техникалық және авторлық қадағалау сарапшылары үшін ҚР ТКШ КДС, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдерінің қатысуымен «eQurylys»АЖ жұмысын жүргізу бойынша семинар өткізілді.
Семинар Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен тығыз ынтымақтастықта өткізілді.
Сөз сөйлеу барысында спикерлер «equurylys»АЖ жұмысы бойынша толық түсініктемелер берді. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі жобасының негізгі ережелері жеткізілді.
Семинар қорытындысы бойынша іс-шара спикерлері семинарға қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берді.