"Қазақстан Республикасында барып тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 44 Жарлығы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған мыналар қосылмайды:";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер;".