Меню

Страницы

Статья

Жинақтары жоқ зейнетақы шоттарын жабу туралы

«БЖЗҚ» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекiтiлген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргiзу қағидаларының 2021 жылдың 01 наурызынан бастап күшiне енгенi туралы хабарлайды. Бұған сәйкес ЖЗШ зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда 1 (бiр) ай өткен соң жабылады.

Осылайша БЖЗҚ-да бұрын ашылған, оның iшiнде адам жұмысқа тұрып, шот ашуға өтiнiш берген немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, бiрақ қандай да бiр себептермен аударымдар жасай алмаған жағдайларда, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары болған және зейнетақы жинақтарының барлық сомасы төленiп, аударым жүзеге асырылған ЖЗШ-ларға төлем не аударым жасалғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде зейнетақы жарналары түспеген жағдайларда мұндай ЖЗШ жабылады.

01.02.2021 жылы БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары жоқ шоттардың саны шамамен 121 мың бiрлiк.

Естерiңiзге сала кетейiк, 2019 жылдан бастап БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есепке алынатын ЖЗШ ашу үшiн жеке тұлғаға өтiнiштi рәсiмдеу мақсатында БЖЗҚ-ға жүгiнудiң қажетi жоқ. Шот алғашқы жарна келiп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылып, жеке тұлғаны сәйкестендiру зейнетақы жарнасын аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. Ал қолданыстағы құжаттың деректемелерi мен өзге де деректемелерi туралы барлық қажеттi мәлiметтердi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады. БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясынан электрондық хабарлама алған күннен бастап салымшы МЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледi.

Жұмыс берушi жарналарды бiрiншi жалақыдан МЗЖ сомасын ұстап қалған кезден бастап аударады, яғни МЗЖ-ны «нөл» (есепке алатын жинақтары жоқ) шоттардың туындауына жол берiлмейдi.

Дата публикации
01 апреля 2021
Дата обновления
01 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы