Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері бойынша анықтама (2020 жыл)
2021 ж. 20.05.


2021 жылдың 20 мамыры сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң iшкi талдауы барысында әзiрленген ұсыныстарды iске асыру бойынша iс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң маманы С.Н. Зайцеваның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негiзгi ережелерi бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi.
2021 ж. 02.03.
2021 жылдың 02 наурызы «Antikor ortalygy» Солтүстiк Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистiк орталығында Басқарма басшысының уақытша м.а. Б.С.Көшербаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Департаментi басшысының орынбасары Н.С.Жахинмен бiрге Басқарма қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн жою бойынша қабылданған шараларды талқылады.
Тiкелей эфирге сiлтеме — https://www.facebook.com/anticorruptionsko/videos/268289421476615/.


2021 ж. 27.01.
2021жылдың 27 қаңтары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi Мемлекеттiк қызмет саласында бақылау басқармасының бас маманы Ергелдi Мұхамметұлы Қайыргелдi Басқарма қызметкерлерiмен мемлекеттiк қызметшiлерiнiң оң имиджiн қалыптастыру сұрағы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының новеллаларын түсiндiру бойынша онлайн-семинар өткiздi.
Instagram: (gossluzhba_sko)

***
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрлiгiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының жанында 1424 Call-орталық жұмыс iстейдi. Call-орталықтың негiзгi мiндетi азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша консультациялық қолдау көрсету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.
Call-орталыққа қоңырау шалу «1424» нөмiрi (қоңырау шалу тегiн) республика бойынша қалалық телефондардан және барлық ұялы байланыс операторларынан жүзеге асырылады.
Басқарманың мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк этика нормаларын бұзу фактiлерi туралы хабарлау үшiн 52-92-98 сенiм телефоны.
Мемлекеттiк қызметшiлерге ескертпе ретiнде
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелері бойынша анықтама (2018 ж. 21.05.)
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы