2023 жылғы 14 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша инспекторы С.Н. Зайцева Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізді. С.Н. Зайцева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген басымдықтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Семинар барысында Басқарма қызметкерлері С.Н. Зайцевамен бірге мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын шешу мәселелерін талқылады.