«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-тарауына сәйкес объектілерді пайдалануға беру актілерін (бұдан әрі – акт) салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Заңның 73-бабының 2-тармағына сәйкес салынған объектіні қабылдау мен пайдалануға беруді Тапсырыс беруші бекітілген жобаға сәйкес толық дайын болған кезде, оған объектінің техникалық сипаттамаларын қоса бере отырып, сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар (бұдан әрі – қажетті құжаттар) болған кезде жүргізеді.
Қабылдау актісін бекітуді Тапсырыс беруші жүргізеді. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бланкі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген 08.02.2021 жылғы өзгерістермен №234 нысанға сәйкес толтырылады.
Осы актінің әрбір тармағын (оның ішінде сәйкестік туралы декларацияны, орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны) толтыру міндетті болып табылады және оған тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер), техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.
Заңның 34-2-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес құрылысқа тапсырыс беруші: объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объектінің орналасқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына қажетті құжаттарды жіберуге міндетті.
Басқарма «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексеруді жүргізеді.
Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде басқарма бұл туралы тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.
Заңның 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда меншік иесі (Тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген құрылысы аяқталған техникалық жағынан күрделі емес объектілерді пайдалануға қабылдауды дербес жүзеге асыратынын атап өту қажет.