
Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедьяровтың және СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т. Д. Қабдөшевтің төрағалығымен салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша жеке кәсіпкерлермен жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында ЖК басшылары сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар берілді.