Ағымдағы жылдың 1 наурызында Ясновка Мәдениет үйінде Алғыс айту күніне және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына және "Яснянка" вокалдық халық тобының 35 жылдығына арналған іс-шара өтті, оған Есіл ауданы әкімінің м.а. Е.А. Мұстафин қатысты.
Ержан Алпысбайұлы өз сөзінде аудан әкімі М. Т. Мұхамедияровтың атынан барлық қатысушыларды Алғыс айту күнімен және мерейтой иелерін атаулы күнмен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті, сондай-ақ қоғамдағы бейбітшілік пен бірлікті нығайтуға бағытталған игі істері үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасылық амандық, зор табыс, бейбітшілік пен жақсылық тіледі.