
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жарлығын орындау мақсатында Есіл ауданында халықпен кездесулер жалғасуда. Бүгін, ағымдағы жылдың 29 қаңтарында аудан әкімі М.Т. Мұхамедияров Чириковка және Қарағаш ауылдарының тұрғындарымен кездесті, кездесу барысында ауданның және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында болған оң өзгерістер, ауданның проблемалары туралы айтып, оларды шешу жолдарын белгіледі. Жоғарыда аталған ауылдардың тұрғындары қойған сұрақтарға түсініктемелер және тиісті мемлекеттік ұйымдарға оларды шешу үшін тапсырмалар берілді.