
Аудан орталығындағы Явленка кентіндегі қар шығару жұмыстары күндіз ғана емес, түнде де жүргізіледі, бүгін бір түнде 3120 текше метр қар шығарылды. Үш күндік жұмыс барысында 8940 текше метр қар шығарылды. Жұмысты 6 бірлік арнайы техника: 2 жүк тиегіш және 4 КамАЗ жүргізуде.