
Сол күні Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров Николаевка ауылдық округіне барып, Николаевка және Қаратал ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша барлық көтерілген мәселелерге түсініктемелер және уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Сұрақтар жеке бақылауға алынды.