«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихаты шешімінің жобасын көпшілік талқылау туралы
ПРЕСС-РЕЛИЗ
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 17-бабы 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы - ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14891586 2023 жылғы 26 қыркүйекте аталған жоба түсініктеме жазбалармен көпшілік талқылау үшін орналастырылған.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.