Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бүгін Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров Волошинка ауылының тұрғындарымен кездесті, оның барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы 2024 жылға арналған перспективалық жоспарлары туралы хабардар етті. Сонымен қатар, волошинкалықтармен алдыңғы кездесулерде көтерілген проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдері түсіндірілді.
Осындай кездесуді Ясновка ауылының тұрғындарымен өткізді. Ясновкалықтарға есепті кезеңдегі жұмыс нәтижелері туралы айтып, 2024 жылға арналған перспективалық жоспармен таныстырды. Кездесу барысында ауыл тұрғындары сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді.