7 декабря с рабочим визитом аким Северо-Казахстанской области Нурмухамбетов Гауез Торсанович посетил Есильский район.

7 декабря с рабочим визитом аким Северо-Казахстанской области Нурмухамбетов Гауез Торсанович посетил Есильский район.
7 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Есіл ауданына барды. Сапар барысында аймақ басшысымен аудан әкімі Мереке Мұхамедияров бірге жүрді. Облыс әкімі бірқатар нысандарды аралады, соның ішінде Явленка а. аудандық қазандығына барды, онда "Есіл Энерджи"ЖШС басшысы В.С. Григорьев жылыту маусымының өту барысымен таныстырды.
Екінші нысан Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка мектебі болды, биылғы жылы "Қазақстан халқына" қоры есебінен мектепті жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Әрі қарай "Шамшуменов Ж.С." ЖК-де болды, Жомарт Сапарұлы Шамшуменов Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне "Симменталь" тұқымды ірі қара малын және "Еділбай"асыл тұқымды қойларын өсіру жобасын таныстырды. Бұл жоба "Ауыл аманаты" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды