«Бейбіт жиналыстарды өткізуді ұйымдастыру үшін мамандандырылған орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толтырылу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындау туралы» Есіл аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу жобасы бойынша баспасөз

«Бейбіт жиналыстарды өткізуді ұйымдастыру үшін мамандандырылған орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толтырылу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындау туралы» Есіл аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу жобасы бойынша баспасөз

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу жобасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді, 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 2-тармағының негізінде, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар объектілер мен учаскелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1.1.Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 қыркүйектегі №54/340 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толтырылу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды, Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында 5, 11, 12-абзац жаңа редакцияда жазылсын:

«Явленка ауылы, Коваленко-Бейбітшілік көшелерінің қиылысынан, Бейбітшілік көшесімен, Тәуелсіздік көшесімен, Мақтай Сағдиев көшесімен, Ысқақ Ибраев көшесімен «Болашақ» мәдениет және демалыс саябағының алаңына дейінгі жүру бағыты. Шекті толтыру нормасы-150 адам. Жүру маршрутының ұзындығы - 2000 метр.»;

«Терроризмге қарсы операцияның қолданылу кезеңіне төтенше, соғыс жағдайы немесе құқықтық режимі енгізілген кезде мамандандырылған орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектелуі мүмкін;

«Бейбіт жиналыстар өткізу үшін мамандандырылған орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушылар мен оның қатысушылары «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» (бұдан әрі-заң) Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет;

1.2.     көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.                                                                                                                         

Шешім жобасы 2023 жылғы 1 желтоқсанда ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды. https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2351406&type=2