
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен - прокуратура күнімен құттықтаймын!
Сіздердің мамандықтарыңыз құқық қорғау жүйесіндегі маңызды мамандықтардың бірі. Күнделікті жұмыстарыңызбен Сіздер заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етесіздер, әділеттілікке деген сенімді нығайта отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғайсыздар. Аудан прокуратурасында өзінің азаматтық және қызметтік борышын абыроймен орындайтын, өзінен бұрынғылардың үздік дәстүрлерін абыроймен жалғастыратын және көбейтетін нағыз кәсіпқойлар жұмыс істейді.
Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз күні біз тек қазіргі қызметкерлерге ғана емес, барлық ардагерлерге Сіздердің беріктіктеріңіз бен табандылықтарыңыз, парыздарыңыз бен абыройларыңыз, адалдығыңыз бен патриотизміңіз үшін алғыс білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда одан әрі табыс тілеймін!