2023 жылдың 27 қарашасында Есіл ауданының сегізінші шақырылған мәслихатының кезектен тыс 10-сессиясы өткізілді. Сессия жұмысы барысында келесі мәселелер қаралды:
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
- Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамы туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/284 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.