Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ұлттық валюта күнімен және Қазақстан Республикасы Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын!
1993 жылғы 15 қарашада ұлттық валюта - Теңге айналымға енгізілді. Бұл тарихи оқиға Қазақстанның тәуелсіз экономикалық кеңістігін қалыптастырды.
Тәуелсіздік жылдарында маңызды экономикалық реформалар қаржы жүйесін нығайтып, айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді. Бұл жетістіктерге жетуде біздің ауданымыздың қаржы саласының қызметкерлерінің де үлесі бар. Олардың арасында мемлекет игілігі үшін барлық күш-жігерін, білімі мен біліктілігін жұмсап жатқан тәжірибелі, өз ісіне адал берілген жоғары білікті мамандар аз емес.
Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймын, қызметтеріңізге табыс тілеймін және ұлттық валюта - теңге тәуелсіз Қазақстанның экономикасы мен өркендеуі үшін қызмет етсін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт және амандық тілеймін.