2023 жылғы 05 қазанда Семей полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккендерге шағын сәулет құрылысының салтанатты ашылуы өтті, Есіл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мереке Мұхамедияров өз сөзінде 29 тамыз – Қазақстан Республикасы, әлемдік қоғамдастық және жаһандық антиядролық қозғалыс үшін тарихи күн екенін атап өтті. Сондай-ақ, митинг барысында "Семей полигон CҚО" ҚБ төрағасы А. А.Төлепбергенов сөз сөйледі.
Іс-шара соңында митингке қатысушылар құрмет көрсетіп гүл шоқтарын қойды.