Жақында жас мемлекеттік қызметшілер мектебі 9 маусымының ашылуы!

Жақында жас мемлекеттік қызметшілер мектебі  9 маусымының ашылуы!

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің жанында 2018 жылдан бастап жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде оның түлектері М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің жүзден астам студенті болды.

          Мектеп қызметінің мақсаты - мемлекеттік қызметке белсенді және талантты жастарды тарту болып табылады.

         Биылғы жылы осы мектепте оқуға түсу және оқу шарттары өзгерді. Қатысушыларды тіркеу жыл сайын қазан айында жүргізіледі. Тіркеу аяқталғаннан кейін қатысушылар департамент белгілеген 500 сөзден аспайтын тақырыптардың біріне эссе жазады. Эссені кадрлық қажеттіліктерді қалыптастырған мемлекеттік органдар бағалайды. Ең жоғары балл жинаған қатысушылар келесі кезеңге өтеді.

         Мектепке түсу кезінде қатысушылар өндірістік практикадан өту үшін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жобалау жұмыстарына қатысу үшін өздерінің болашақ мамандығына сүйене отырып, оқу бағытын және мемлекеттік органды таңдауы тиіс, соңында мемлекеттік органның басшысы ұсыныммен бірге қатысушы туралы пікір береді.

         Өндірістік практика басталғанға дейін қатысушылар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында дайындық бағдарламасынан өтеді. Дайындық бағдарламасы Мемлекеттік қызметке кіру үшін қажетті құзыреттерді арттыру курстарын қамтиды. Осы курстарда қатысушылар мемлекеттік органдарда өндірістік практика кезінде таныстыратын жобаларды әзірлейді. Дайындық бағдарламасы сәтті аяқталғаннан кейін Академияда қатысушылар үшін мемлекеттік органдарда өндірістік практика ұйымдастырылады. Өндірістік практикадан өткеннен кейін білім алушылар мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген тәртіппен және шарттарда жеке қасиеттерін тестілеуден және бағалаудан өтуі тиіс. Тестілеуден сәтті өткеннен кейін қатысушыларға оқуды аяқтағаны және таланттар пулына қабылданғаны туралы сертификат беріледі.

Таланттар пулы дегеніміз не? Бұл мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жанынан құрылған Жас мемлекеттік қызметшілер мектебін сәтті бітірген адамдардың тізімі. Таланттар пулында болу мерзімі сертификат алған сәттен бастап 1 жылды құрайды.

Қатысушылардың Мемлекеттік қызметке таланттар пулына түсу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында айқындалады.

Таланттар пулына қабылданған адамдарды жұмысқа орналастыру мониторингін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізеді.

Бүгінгі таңда жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне түсу мен оқудың осындай шарттары бар.

Мектепке жоғары оқу орындары және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатыса алады.

    Мемлекеттік қызмет мектебі болашақта лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде білімді толықтырудың және өз құқықтарын іске асырудың қосымша көзі болады.

     М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің және облыс колледждерінің бітіруші курс студенттерін мектепте оқуға және қосымша білім алуға шақырамыз, бұл болашақта еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде өте маңызды.

     Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне және мемлекеттік қызметке түсу мәселелері бойынша 8(7152)46-58-08 телефоны бойынша хабарласуға болады. Біз Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 38, 4 каб. мекен жайында орналасқанбыз.

            

                                                                                    Гүлнар Жусалина,

           Мемлекеттік қызмет істері

           агенттігі СҚО бойынша

           департаменті

           Мемлекеттік қызмет

           басқармасының басшысы