2023 жылдың 22 қыркүйегінде аудандық Мәдениет үйінде мерекелік концерт және әр түрлі деңгейдегі жарыстарда жеңімпаз бен жүлдегер атанған үздік спортшыларды,жаттықтырушыларды, сондай-ақ ауданның спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Спорт-бұл жеңіске жету жолы, ол спортшылар үшін де, жаттықтырушылар үшін де күнделікті ауыр еңбек. Сондықтан жыл сайынғы қорытындылау өте маңызды: жоғары жетістіктерді атап өту және мақтан тұту.