Есіл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мереке Мұхамедияров Заречный ауылдық округіне барып, халқы аз Алқа және Гурьяновка ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында көтерілген барлық сұрақтарға түсініктемелер мен уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Сұрақтар жеке бақылауға алынды.