Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің Негізгі Заңы әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктеріміздің, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ауқымды реформалардың негізі болып табылады.

Конституцияның арқасында Қазақстан бүгінде халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алды. Республикамыздың әрбір  азаматы Негізгі Заңның тек мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзі және отбасы үшін де маңыздылығын терең түсінеді.

Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бірлік пен Тұрақтылық жылдан жылға нығая берсін. Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, ортақ үйімізге бейбітшілік пен амандық тілеймін!

 

М.Т. Мұхамедияров,

Есіл ауданы әкімінің м. а.