
Мереке Мұхамедияров өз сөзінде жыл сайын білім беру үдерісін ұйымдастыру тәсілдері, оқыту технологиялары мен әдістемесі өзгеретінін атап өтті. Алайда мұғалімнің балаларды оқыту және тәрбиелеу рөлі өзгеріссіз қалады.
Біздің балаларымыздың білім алуға зор әлеуеті бар. Мұғалімнің міндеті - әр баланың оқу және шығармашылық қабілеттерін ашу.