
2023 жылғы 14 тамызда Есіл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мереке Мұхамедияров Покровка ауылдық округіне барып, Есіл ауылының тұрғындарымен және «Есіл СУ» РММ қызметкерлерімен кездесті.
Сол күні Мереке Мұхамедияров «Бай-Еңбек» ЖШС қызметкерлерімен, Еңбек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, шағын футбол алаңының ашылуына қатысты. Сондай-ақ, Мереке Тілеужанұлы Еңбек ауылында ұсыныстар мен проблемалық мәселелерді жинақтау үшін аулаларды аралады.